Placeholder
Фото: habr.com
Қазақстан жаңалықтары7 ақпан 2024, 12:05

Қазақстан қуаты күшті суперкомпьютер құруға кірісті

Мемлекеттік және коммерциялық сектордағы иесі нақтыланбаған деректерді жинақтай берген жөн. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жасанды интеллектінің негізгі арқауы – мәліметтер, деректер. Алайда, бұл жерде мәселенің екі жағы бар екенін ескеру қажет, бір жағынан, мәліметтер көпке қолжетімді болуы керек, екінші жағынан, қауіпсіздік, жеке мәліметтерге қол сұқпау, мәліметтердің сапалы болуын қамтамасыз ету мәселесі бар. Үкімет 87 мемлекеттік мәліметтер базасынан құралатын дерекқор қалыптастырды. Алайда жасанды интеллектінің озық үлгілерін жасау үшін мұның өзі аздық етеді. Сондықтан мемлекеттік және коммерциялық сектордағы иесі нақтыланбаған деректерді жинақтай берген жөн», - деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы деректерді басқару жүйесінің бірыңғай архитектурасын енгізген дұрыс екендігін баса айтты.

«Біз қуаты күшті суперкомпьютер құруға кірістік. Ол ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар біздің нарықта жұмыс істейтін түрлі компанияларға да қолжетімді болады. Бұл қадам «ауқымды деректерді» кеңінен қолдануға тың серпін беретініне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютер

Тақырыпқа жаңалықтар