Placeholder
The World Summit Awards Все права защищены. Используйте активную ссылку на ASSEMBLY.KZ https://assembly.kz/en/news/the-world-summit-awards/
Қазақстан жаңалықтары31 қаңтар 2024, 15:00

Қазақ ғалымының жобасы БҰҰ сыйлығының тізіміне кірді

Қазақ ғалымының жобасы БҰҰ сыйлығының тізіміне кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады.

ЕҰУ ғалымы Нұрзада Амангелдінің өнертабысы World Summit Awards әлемдік байқауының 2023 жылғы шорт-парағына енді. Бұл – халықаралық сарапшылар тарапынан іріктелген жалғыз қазақстандық жоба. Байқауға барлығы 180-нен астам мемлекеттен инновациялық әзірлемелер ұсынылған.

Нұрзада Амангелді қазақша ымдау тілін танудың қолжетімді жүйесін жасаған.

Н. Амангелдінің жобасы «Inclusion and emprowment» номинациясы бойынша ұсынылған, ол 80 жаһандық инновациялық өнертабыстың ішінен іріктеліп таңдалды.

Бұл жұмыс жасанды интеллектке негізделген және қымбат сенсорларды, бірегей камераларды немесе суперкомпьютерлерді қажет етпейді. Қазақша ымдау тілінің автоматты сурдоаударма жүйесі есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың білім алу және басқа да үрдістерге кедергісіз енуіне көмектеседі.

Әлеуметтік маңызды жобаны қолға алған ғалымға сәттілік тілейміз!

БҰҰ сыйлығы қазақ ғылымы Нұрзада Амангелді

Тақырыпқа жаңалықтар