Placeholder
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары20 сәуір 2024, 9:27

Қауіп: Жайық өзенінің деңгейі Оралда 34 сантиметрге көтерілді

Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 34 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 20 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша қаладағы гидробекетте су деңгейі 828 сантиметрге жетіп, қауіпті шекке (850 см) таяп қалды деп жазады Kazinform агенттігі.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 899 (+15, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 804 (+16, 850 см), Тайпақта 504 (+9) сантиметрді көрсетті.

Жайыққа құятын Шаған өзенінің деңгейі Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында 16 сантиметрге жоғарылаған (713 см, қауіпті шегі – 1 300 см).

Орал қаласы әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, қазіргі таңда өзен жайылмаларында орналасқан саяжайлардан тұрғындарды көшіру жұмыстары жалғасуда.

 

орал Жайық қауіпті деңгей

Тақырыпқа жаңалықтар