Placeholder
Фото: akorda.kz
Қазақстан жаңалықтары4 қазан 2023, 12:46

Қасым-Жомарт Тоқаев XV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан XV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазіргі жаһандық энергетика маңызды климаттық және геосаяси қиындықтарға тап болып отыр. Бұл энергетикалық қауіпсіздіктің, тұрақты энергия жеткізу тізбегінің және «жасыл» технологияның маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан экспорттық бағыттарды, сондай-ақ қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымды белсенді дамыта отырып, әлемдік нарыққа энергия ресурстарын сенімді жеткізуші ретінде өзін танытты», - деп атап өтеді Мемлекет басшысы.

Президенттің атап өтуінше, отын-энергетика кешені еліміздің үдемелі ілгерілеуінің басты қозғаушы күштерінің бірі саналады. Сала ауқымды шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартады.

«Сонымен бірге біз экономиканы дәйекті әртараптандыруға ерекше назар аударамыз. Біздің алдымызда тұрған міндет - серпінді жобаларды, оның ішінде мұнай мен газды терең өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру арқылы қосылған құны жоғары кластерлерді құру. Еліміз таза және жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасады және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдады. 2030 жылға қарай елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі кемінде 15 пайызды құрауы тиіс. Бүгінгі форум мен Қазақстанның энергетикалық апталығы барысында қатысушылар идеяларымен алмасып, энергетикалық секторды одан әрі дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлейтініне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құттықтау KazEnergy Еуразиялық форум

Тақырыпқа жаңалықтар