Placeholder
Фото: Ақорда
Қазақстан жаңалықтары8 мамыр 2024, 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

      Фото: Ақорда

 

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монумент гүл шоғы

Тақырыпқа жаңалықтар