Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары9 ақпан 2024, 9:00

Қарыз алған танысын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды

Қызылорда облысында қарыз алған танысын пышақтап өлтірген адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы берешек ақшаны қайтарып алу үшін 2024 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласынан Сексеуіл кентіне барған. Онда танысымен сөйлесу барысында екеуінің арасында жанжал туындаған. Салдарынан сотталушы жәбірленушіге жақындап келіп, жүрек тұсынан пышақпен ұрған. Ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған», - деп мәлім етті Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.

Ведомство мәліметінще, сот үкімімен сотталушы С. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 млн теңге моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қызылорда облысы Қарыз Пышақ сот

Тақырыпқа жаңалықтар