Placeholder
Фото: @POLICE_of_KZ
Қазақстан жаңалықтары25 ақпан 2024, 13:00

Қарағандылық әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен

Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

         Фото: @POLICE_of_KZ

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Қарағанды Аяз Сәби көше

Тақырыпқа жаңалықтар