Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 20:42

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды. 17 қаңтарда «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

Алматы қаласының прокуратурасы хабарлағандай, сотта қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамау бойынша міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзекті емес есепті қолдануда көрсетілген кешенді заңсыз сату фактілері расталды. 

«Жалпы ауданы 4 221,4 м² 3 объекті мен 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нурсултанға (Қайрат Сатыбалдының ұлы) тиесілі «ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды», - деп хабарлады прокуратурадан. 

Еске салсақ, бұған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын. 

Қайрат Сатыбалдының ұлы «Байсат» базары мемлекет қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар