Placeholder
Фото: Ақорда
Қазақстан жаңалықтары29 қаңтар 2024, 20:48

Президенттен жаңажылдық сыйлық орнына бүйрек сұраған қызға донор табылды

Осыдан бір жыл бұрын жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала орталығына барып балаларды мерекемен құттықтаған еді. Сонда жаңажылдық сыйлық орнына ауруынан айығуды, сау бүйрек табылуын сұраған 13 жастағы Әнел Дінекешева ерекше есте қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Жақында Әнелдің қан тобына сәйкес келетін донор табылып, сәтті ота жасалды.

Әнелге 13 жылда 15 ота жасалды. Ол 2009 жылы Тараз қаласында туған, Астанаға ем алуға жиі келетін болғандықтан, 2019 жылы отбасымен елордаға қоныс аударған.

2022 жылы 30 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала орталығының балаларымен жүздесті. Әнел де балалардың арасында Президентпен сөйлесіп, өз тілегін айтқан.

Ана мен бала орталығы Нефрология және диализ бағдарламасының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Салтанат Рахымжанова Әнелдің диагнозы туралы толыққанды мағлұмат берді.

Орталықтың ұсынысымен туыс доноры жоқ науқас балалар Беларусь Республикасының күту парағына енгізілген. Көптеген комиссиялық тексерулер мен іріктеуден соң 10 қазақстандық науқас Беларусьтің күту тізіміне енгізілді.

30 желтоқсанда үйлестіру орталығы Павлодар қаласынан тағы бір донор табылғанын хабарлаған. Оның қаны Әнел секілді үшінші топта.

Отадан кейін Әнел 3 күн жансақтау бөлімінде, 10 күн палатада жатқан және еш қиындықсыз үйіне шығарылған.

Дәрігерлер алдын-ала болжағандай, Әнелдің зәрінен инфекция табылып, қазір қайтадан ауруханада ем алып жатыр. Бірақ көрсеткіштері күннен-күнге жақсарып келеді.

Әнел Дінекешева донор бүйрек Ота

Тақырыпқа жаңалықтар