Placeholder
Фото: pixabay.com
Қазақстан жаңалықтары30 қаңтар 2024, 10:12

Павлодарда ер адам көпқабатты үйден құлап мерт болды

Куәгерлер ер адамның электр желілерінде қолымен ілініп тұрған сәтін түсіріп алған. Оның бұл қадамға не себепті барғаны белгісіз, - деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстық жедел жәрдем стансасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Н.Назарбаев даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің 10-шы қабатынан ер адамның құлағаны туралы хабарлама түскен.

«Медициналық бригада оқиға орнына сегіз минутта жетті. Алайда 1976 жылғы ер адам біздің қызметкерлер жеткенше жан тапсырған» деп хабарлады жедел жәрдем стансасынан.

Полицейлер аталған қайғылы оқиға бойынша әзірше ешбір түсінік берген жоқ.

павлодар ер адам суицид

Тақырыпқа жаңалықтар