Placeholder
Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті
Қазақстан жаңалықтары16 ақпан 2024, 11:23

Өскемендік қыз Ертіс өзеніндегі көпірден секіріп кетті

Куәгерлер құтқарушыларға дереу хабар берген. Оқиға орнына жедел қайықпен жеткен құтқарушылар қызды өлімнен аршалап қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Андрей Дубихин, Медет Ахметов келіп жетіп, олар мұздай суық судан өз әріптесіне, № 5 құтқару бөлімшесінің басшысы Виталий Склярға және зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуге көмектескен екі ер адамға қол ұшын берді.

Жедел жәрдем дәрігерлерін күтпей, өрт сөндіруші-құтқарушылар Эльдар Зарипханов, жүргізуші Қуаныш Мұратханов, Дияс Мұқаев жедел кезекшінің орынбасары, жүргізуші Нұржан Базарқұлов, аға нұсқаушы-құтқарушы Евгений Головченко 2008 жылы туған жасөспірім қызды медициналық мекемеге шұғыл жеткізді. Бір өлімнен аман қалған қыз мамандардың бақылуына алынып, ауруханаға жатқызылды.

Өскемен Ертіс қыз суицид

Тақырыпқа жаңалықтар