Placeholder
Фото: polisia.kz
Қазақстан жаңалықтары2 ақпан 2024, 21:46

Өскеменде күшіктерді балталаған ер адамға қатысты тергеу басталды

Өскемен қаласында күшіктерді балталаған ер адамға қатысты полиция тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әлеуметтік желіде ер адам күшіктерді балталап жатқан видео тарады. Осыған орай ШҚО Полиция департаменті тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

«Тарап жатқан видеодағы азаматтың анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлаймыз. Ол 56 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам психологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепке алынбаған», - делінген ақпаратта.

Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от CENTR PRAVA UKG (@centr_prava_ukg)

Өскемен күшіктер жауыздық Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар