Placeholder
Фото: Polisia.kz
Қазақстан жаңалықтары26 қаңтар 2024, 9:00

Оралда жалған полиция қызметкері ұсталды

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері жалған полиция қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. 

Полицейлер Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 1990ж.т. Орал қаласының басқа тұрғынына тиесілі 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алып кеткенін анықтады.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында «страйкбол» ойыны үшін автомат, аталған автоматтың 1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көзінің ойықтары бар қара түсті бетперде табылып, тәркіленді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

орал жалған полиция ұстау

Тақырыпқа жаңалықтар