Placeholder
Фото: polisia.kz
Қазақстан жаңалықтары30 қаңтар 2024, 15:00

«Несиесін төлеген». Зейнеткерді алдап, қомақты қаржысын жымқырған алаяқ ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері алаяқтың құрбанына айналған жәбірленушіге 550 мың теңге мен 5 мың АҚШ долларын қайтарып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz жазады. 

«Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында алаяқтықпен айналысқан 19 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.

73 жастағы зейнеткер әйелге белгісіз біреулер қоңырау соғып, немересі жол-көлік оқиғасын жасағанын, ол жерде жаяу жүргінші ауыр жарақат алғанын айтқан. Ал жол-көлік оқиғасын жасаған кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып, оны шешу үшін 9 миллион ақша сұраған. Зейнеткер, бұл хабарласқан адамға қолында бар 700 мың теңге және 5 мың АҚШ долларын берген. Кейін, өзінің алаяқтың құрбаны болғанын сезген соң, полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары күдіктіден зейнеткер берген ақшаны яғни 550 мың теңге және 5 мың АҚШ долларын айғақ зат ретінде тәркіледі. 150 мың теңгемен күдікті өзінің несиесін жауып үлгерген», делінген ақпаратта.

Тергеу кезінде күдіктің дәл осындай тағы 5 қылмысқа қатысы бары анықталып, жәріленушілерге келтірген шығын мөлшері 6 миллион 600 мың теңге болған. Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин күдіктінің үстінен алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.

Қарағанды облысы Зейнеткер алаяқ

Тақырыпқа жаңалықтар