Placeholder
Фото: Видеодан кадр
Қазақстан жаңалықтары3 ақпан 2024, 0:16

Мүфтият көлікті тепкілеген «имам» жолаушыға қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде такси жүргізушісімен кикілжіңге келіп, көлікті тепкілеген тұлға жеке парақшасында өзін «дін қызметкері» деп таныстырған. Мүфтият жолаушы басқарманың қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Желіде тараған видео соңында Жақсылықов Бақтияр өзінің атқаратын қызметтерін тізбектеген. Әлеуметтік желі қолданушылары оны «имам» деп бағамдап жатқанымен, ҚМДБ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Бахтияр Жақсылықов есімді азаматтың такси жүргізушісімен кикілжіңге келіп, дөрекі әрекет көрсеткені және оның «имам» екені талқылануда.Осы орайда Бахтияр Жақсылықовтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан анықталмаған хабарды таратпауын сұраймыз», делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Жақсылықов Бақтияр Талғар таки оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар