Placeholder
Фото: ТЖД Алматы
Қазақстан жаңалықтары8 ақпан 2024, 14:40

Медеу ауданының әкімі лай көшкініне қатысты түсініктеме берді

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Тау Самалы шағын ауданында болған лай көшкініне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Оның айтуынша, қазір Тау-Самалы шағын ауданында жеке сектордың коммуникацияларға қосылуы ретсіз әрі қауіпті. Онда көптеген тарату желісі стандарттарға сәйкес келмейді.

«Осы мәселені шешу үшін былтырдан бастап тарату желілерін салу бойынша жобаны әзірлеуге кіріскен едік. Біз «Балқаш» су көзін көрсеттік. Жаңа скважиналар - бұл бірінші кезең. Екінші кезең - тарату желілерін жүргізу және су құбырымен қатар кәріз желілерін салу. Өйткені таулы жерлерде септиктерді пайдаланатын жеке үйлер қауіпсіз емес», - деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.

Медеу ауданы лай көшкіні түсініктеме

Тақырыпқа жаңалықтар