Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары1 ақпан 2024, 15:21

Мәулен Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаев мүсініне қатысты пікір білдірді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық музей атриумынан Нұрсұлтан Назарбаев мүсінінің алынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сенат төрағасы тілшілер сұрағына жауап беру кезінде Ұлттық музейден (Нұрсұлтан Назарбаевтың) ескерткіш алынғанын естімегенін айтты.

«Сіздерден естіп жатырмын. Біз пленарлық отырыста болдық. Жаңалықтарды әлі көрмедік. Енді ондай шешім қабылданса, Ұлттық музейдің басшылығының шешімі шығар деп ойлаймын. Сондықтан мұнда Ұлттық музейдің басшылығының ұстанымдарына сәйкес, ондағы экспозицияларды жаңартуға байланысты осындай шешім қабылдаған шығар. Сондықтан бұл мәселеге байланысты сұрағыңызды Ұлттық музейге жолдасаңыз дұрыс болады», - деді М. Әшімбаев.

Ұлттық музей атриумынан Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні алып тастаған еді.

«Экспонат музей мүлкі болып саналады және атриум тұрақты сақталады. Музейдің дамуына қызығушылық танытып, оның іс-шаралары, акциялары мен көрмелеріне назар аударатын қазақстандықтардың, блогерлер мен журналистердің ұстанымы музей қызметкерлерін қуантады. Музей кеңістігінде болатын алдағы өзгерістер мен жаңартуларды және көрме залдарының көркемдік-стильдік шешімдерін қалың жұртшылық жоғары бағалайды деп сенеміз», - дейді Ұлттық музей өкілдері.

Мәулен Әшімбаев Ұлттық музей Нұрсұлтан Назарбаев Ескерткіш

Тақырыпқа жаңалықтар