Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары23 наурыз 2024, 9:38

Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі іске қосылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін хабарланғандай, белгісіз біреулер Мәскеудің Красногорск түбіндегі «Крокус Сити Холл» ғимаратында оқ жаудырған.

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, өрт автоматтан шыққан болуы мүмкін.

Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар екені туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ол Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста екенін жеткізді.

«Біз қазір жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпарат түскен жоқ. Қосымша ақпарат келіп түскен сайын хабарлайтын боламыз. Қазір елшілікте 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды», - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазақстан азаматтары Мәскеу жедел желі

Тақырыпқа жаңалықтар