Placeholder
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан жаңалықтары23 наурыз 2024, 9:23

Мәскеуде оқып жүрген ҚР азаматтары жапа шеккен жоқ - Саясат Нұрбек

Мәскеудегі теракт кезінде онда оқып жүрген қазақстандық азаматтар жапа шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. "22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты", - деп жазды министр Телеграм арнасында. Бұған дейін хабарланғандай, белгісіз біреулер Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы Крокус сити холл ғимаратында оқ жаудырған.

Куәгерлердің айтуынша, қылмыскерлер кешкі сағат 20:30 шамасында, концерт басталар алдында негізгі подъезд арқылы ғимаратқа кіріп, келушілер мен күзетшілерге бірден оқ атқан. Содан үш-төрт адам концерт залына кіріп, көрермендерді атып, «Молотов коктейльдерін» лақтыра бастаған. Осыдан кейін шабуыл жасағандар қашып кеткен.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі лаңкестік әрекеттен зардап шеккен 145 адамның біразының тізімін жариялады.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін мына сенім телефоны бойынша жедел желі іске қосылды: 8 (925) 897-71-14.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар екені туралы ақпарат жоқ.

Саясат Нұрбек ҚР азаматтары Мәскеу Теракт

Тақырыпқа жаңалықтар