Placeholder
Фото: pixabay.com.
Қазақстан жаңалықтары26 қаңтар 2024, 10:12

Мас еркек әзілдеймін деп, қамауға алынды

Петропавлда жарылғыш зат туралы жалған хабар беріп, арнайы дүрліктірген ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтарға қараған түні «102» арнасына Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінде жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау түсті. Дабыл сигналы бойынша оқиға орнына кезекші жедел-тергеу тобы, жарғыш техниктер, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың, патрульдік полиция батальонының және басқа да мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері жетті. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылмады.

Жалған хабарлама жасады деген күдікпен 35 жастағы Петропавл тұрғыны анықталып, ұсталды. Мас ер адам үйдің кіреберісінде ұсталды.

Ол осыған дейін де қоғамдық жерде мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жазаға бір өте қоймаған. Құқық бұзушылықты қайталағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды.

«Әкімшілік жазасын өтеп шыққан соң ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Баптың санкциясына сәйкес, 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ірі көлемдегі айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді СҚО ПД экстремизмаге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.

Өткен жылы полицияға қоңырау шалып, жалған хабарлама жасағаны үшін 2 солтүстікқазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ақерке Дәуренбекқызы

Петропавл мас еркек Жарылғыш зат қамауға алу

Тақырыпқа жаңалықтар