Placeholder
Фото: СҚО ПД
Қазақстан жаңалықтары9 мамыр 2024, 15:59

Маралдыда 100-ге жуық адам фабрика аумағында төбелес шығарған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында 100-ге жуық адам фабрика аумағында төбелес шығарған, - деп хабарлайды Arbat.media.

ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауынша, Маралды ауылында «Байтақ» партиясының өкілі мен бір топ адам алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсылық білдіріп, рұқсатсыз жиналыс өткізген. Жиналыс аяқталғаннан кейін 100-ге жуық Маралды тұрғыны фабрика құрылысын тоқтату туралы бейнеүндеу түсіру үшін құрылыс орнына келіп, ары қарай олар фабрика аумағына кірген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Кәсіпорын басшылығының мәліметі бойынша олардың қызметкерлері дене жарақатын алып, материалдық шығынға ұшыраған. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның қызметкерлері мен күзетшілері кәсіпорын аумағынан кетуге мәжбүр болды. Полиция және СОБР қызметкерлері жиналғандарды құқықтық тәртіпті сақтауға шақырып, заңнаманы түсіндірді, бұл ретте оларға күш қолданылмады, - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ШҚО Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеу амалдарын жүргізуде. Соның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі.

ШҚО Маралды фабрика Төбелес

Тақырыпқа жаңалықтар