Placeholder
ото: Видеодан алынған скрин
Қазақстан жаңалықтары2 ақпан 2024, 22:00

Маңғыстаулық жігіттің Шымкентте қыз алып қашқан сәті видеоға түсіп қалған

Үйленбекші болған ер адам қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Шымкент полициясы әлеуметтік желіде қыз алып қашқан жігіттің видеосын жариялады. Онда жігіт бойжеткенді көтеріп алып, оны көліктің ішіне кіргізген. Содан соң белгісіз бағытқа қарай жүріп кеткен.

Полиция оқиға туралы хабар алысымен жедел-іздестіру шараларына кірісті. Toyota Alphard көлігін ұстауға Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері жұмылдырылып, көрші өңірлерге бағыттама жіберілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде автокөлік жарты тәулік ішінде Алматы-Самара тас жолындағы Жалағаш ауылының маңында ұсталды. Ер адам қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Жастар әлеуметтік желіде танысқан. Бірнеше ай бойы ғаламтор арқылы сөйлескен. Содан Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны үйленуге шешім қабылдайды. Жас жігіт Шымкентке келіп, қыздың дипломалды практикадан өтіп жатқан медициналық мекемесіне барған. Анықтама бюросына «жеткізуші» екенін айтып, бойжеткенге сыртқа шығуын өтінген. Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып әкеткен», - дейді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

маңғыстаулық жігіт Шымкент Қыз алып қашу

Тақырыпқа жаңалықтар