Placeholder
Фото: Астана қалалық жұмыспен қамту басқармасы
Қазақстан жаңалықтары29 қаңтар 2024, 14:34

Мамандығымен жұмыс істегісі келмейтін жастарға қандай мүмкіндіктер бар

Елордада жұмыс іздеп жүрген жастарға арналған бірнеше жоба іске асып жатыр. Толығырақ Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

«Оқу орнын бітірген, бірақ еңбек өтілі жоқ жас мамандарға «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бар. Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге). Олар 1,5 жыл бойы тәжірибе жинап, одан әрі тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады», - деді Олжас Омар Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, спикер «Жастар тәжірибесі» жобасымен таныстырды. Ол колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибе жинауға арналған.

«Айталық, жас маманның дипломы бар, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейді немесе басқа сала бойынша еңбек өтілі бар. Олар жастар практикасынан өте алады. Практиканың уақыты 1 жыл және 110 760 теңге (30 АЕК) мемлекеттік жалақы төленеді», - дейді ол.

Алғашқы жұмыс орны Астана жұмыс беру жалақы

Тақырыпқа жаңалықтар