Placeholder
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті
Қазақстан жаңалықтары8 ақпан 2024, 12:34

Мал іздеуге шыққан екі адам табылмай жатыр

Түркістан облысында іздеу жұмыстарына құтқарушылармен бірге жергілікті тұрғындар да жұмылдырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Туыстарының айтуынша, жоғалған екі азамат Түлкібас ауданы Керейт ауыланан мал іздеуге шығып, қайтар бағытта күннің бұзылуына байланысты адасып кеткен. Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 30 адам, 4 техника және 2 дрон жұмылдырылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да көмекке шыққан.

«Екі адамның жоғалғаны жайында 7 ақпан күні туыстары хабарлады. Түркістан облысының ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді! Ауа райына байланысты ескертулерге назар аударыңыз және күн бұзылған жағдайда үйде болыңыз! Төтенше жағдай туындаса құтқару қызметінің тәулік бойғы «112» бірыңғай нөміріне немесе «101» нөміріне қоңырау шалыңыз» - делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Түркістан облысы мал іздеу жоғалған Малшылар

Тақырыпқа жаңалықтар