Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары12 ақпан 2024, 9:34

Мал іздеуге шығып жоғалып кеткен

Қызылорда облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен адам екі күннен кейін табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

8 ақпанда Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 2 тұрғыны автокөлікпен мал іздеуге шығып кеткен. Содан үйге қайта оралмаған.

«Оқиға Жосалы кентінен 80 шақырым жердегі «Қызғалдақ» учаскесінде болды. Іздеу барысында автокөлік бұзылып, оны жөндеу үшін көмек шақыру үшін екі азаматтың бірі автокөліктен шығып кеткен. Содан кейін қайта оралмаған. Оқиға бойынша арнайы іздестіру тобы құрылды. Нәтижесінде 10 ақпанда жоғалған азамат аман-есен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

 

Қызылорда облысы мал іздеу жоғалу Іздеу

Тақырыпқа жаңалықтар