Placeholder
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан жаңалықтары30 қаңтар 2024, 14:00

Майқайың кенішінде автобустың дөңгелегі табылды

Облыс әкімі Асайын Байханов Instagram желісіндегі парақшасында Майқайың кенішінде жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстары туралы жазды. Қазір шұңқырдың түбінде қосалқы гидравликалық балғасы бар экскаватор жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Майқайың-алтын» АҚ аумағында гидравликалық балғамен экскаватор жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталады. Бүгінгі жұмыстың нәтижесінде құтқарушылар автобустың үлкен бөлшегін – дөңгелікті тапты», деп жазды облыс әкімі. 

Айта кетсек, іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 

Майқайың автобус дөңгелек

Тақырыпқа жаңалықтар