Placeholder
Фото: Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Қазақстан жаңалықтары7 ақпан 2024, 11:42

Майқайың кеніші аумағындағы іздестіру жұмыстары қайта жанданды

Әзірше ойық түбіне техника өздігінен жүріп баратындай қауіпсіз жол салынуда. Бұл іске «Майқайыңалтын» АҚ жауаптанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Қазір кеніш аумағындағы автобус түсіп кеткен ойық айналасына топырақ үйіліп, қоршау жасалуда. Тау-инженерлік жұмыстарын жүргізуге арналған жоба әзірленіп жатыр.

«Ауыр техниканың көмегімен бүйірлік траншеялар кеңейтіліп, ойықтың түбіне дейінгі аппарелі тереңдетіле түссуде. Аталған шаруалармен кәсіпорынның өзі шұғылданып жатыр. Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары төтенше жағдай орнында күту режимінде тұр» деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Ойық түбіне дейін техникаларды жеткізуге мүмкіндік беретін қауіпсіз жол салынып болған соң іздестіру-құтқару қайта жалғасатын болады.

Майқайың іздестіру жұмыстары

Тақырыпқа жаңалықтар