Placeholder
ФОТО: Massaget.kz
Қазақстан жаңалықтары14 наурыз 2024, 15:00

Мәдениеттанушы: Мәһір — қазақ қоғамына жат дүние

Мәдениеттанушы Асылбек Байтанұлы зайырлы қоғамның қызы тұрмыс құрарда мәһірді сұрамау керегін айтты. Оның сөзінше, бұл – зайырлы қазақ қоғамына жат дүние, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

- Мәһір – Құран-Кәрімде міндетті түрде берілуі тиіс дүние ретінде қарастырылған. Яғни "Ниса" сүресінің 4-аятында: "Әйелдердің мәһрлерін ықыласпен беріңдер. Егер әйелдер өз еріктерімен сендерге мәһрдің бір бөлігін берсе, одан сіңімді түрде жеңдер", - делінген. Бірақ бүгінгі зайырлы қоғамымызда қалыңдықтың болашақ жарынан мәһір сұрауының қажеті жоқ деп білемін. Жалпы, мұсылмандарға жағдайы келіп жатса төрт әйел алуға рұқсат етілген. Ертеде тұрмысқа шыққан қыздың көп әйелдің бірі болатын тағдыр жолында оның материалдық жағынан құқығын қамтамасыз етуі қажет болатын жағдайлар туындап отырған. Түсініктірек айтсақ, көп жағдайда өте аз немесе мүлде компенсациясыз қалуы мүмкін. Ажырасса, балалары мен дүние-мүлкінің көп бөлігі әкесімен бірге кетеді. Міне, мәһір – осындай жағдайлардың алдын алу кепілі ретінде қарастырылған, - деді Байтанұлы Massaget.kz тілшісіне.

Мәдениеттанушы зайырлы қоғамның қызы тұрмысқа шыққан кезде мәһір сұрамауға тиіс деп біледі.

- Өз басым жақын туыстарыма, сөзімді тыңдайтын таныстарыма: "Мәһір сұрамаңдар, сұратпаңдар", - деймін. Зайырлы қоғамда мәһір сұрау дұрыс емес, өйткені елімізде Парламентте талқыланып, Сенатта қаралып, Президент бекіткен "ҚР Неке және отбасы» туралы заң бар. Бұл заң бойынша, мемлекет өкілінің қатысуымен неке қиылып, қол қойылғаннан кейін, екі тараптың бүкіл мүлкі, көлігі, материалдық құндылықтары ортақ болып саналады. Яғни, екі жақта мүлікке ортақ деген сөз. Ал, екі жастың некесі қиылып, оның үстінен мәһір сұралса, бұл – артық дүние-мүлік талап ету деген сөз. Қалтаға ауырлық түсірмейтін арзанырақ сырға-жүзікпен қанағанттанбай, араны ашылып, арсызданған кейбір қыздардың пәтер, автокөлікке дейін сұрап жатуы – заңдық сауаттылығы жоқтығы әрі көргенсіздігі. Мәһірлік дәстүрді ұстанатын мемлекеттер бар, бірақ бүгінгі таңда дамыған араб мемлекеттері зайырлық қоғамның заңнамаларына кіріп жатыр. Сондықтан мәһір қазақ қоғамына жат дүние, - дейді мәдениеттанушы.

Мәһір қазаққа жат

Тақырыпқа жаңалықтар