Placeholder
Фото: видеоскрин
Қазақстан жаңалықтары26 қаңтар 2024, 14:00

Лифтіде ішімдік ішкен полицейлер қызметтен кетті

Желіде алкогольді сусын ішкен полиция қызметкерлері бейнеленген видео тарап, халық наразылығын тудырды. Астана қаласының полиция департаменті қызметтік форма киіп, қолына сыра ұстағандарды қызметтен босатқандары туралы хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Елордалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде тараған бейнеге қатысты келесіні хабарлаймын: елордалық полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Қызметкерлер атқаратын лауазымдарынан босатылды», деді Төлебаев.

 

 

Астана полицейлер лифт Ішімдік

Тақырыпқа жаңалықтар