Placeholder
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 2:34

Кептеліс, жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек: жер сілкінісінен кейін Алматыда не болып жатыр

Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісінен кейін, қаладан жаппай кете бастады. Көшелерде үлкен кептеліс пайда болып, жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Алматылықтар әлеуметтік желілерде болып жатқан оқиғалардың фотолары мен видеоларымен бөлісіп жатыр. 23 қаңтар күні сағат 02:00-дегі жағдай бойынша мегаполисте жолдағы көлік кептелісі 5 балға бағаланып отыр.

        Коллаж: Kazinform

Жанармай құю бекеттерінде де кезек бар. Сондай-ақ, такси бағасы бір сапар үшін 5 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін көтерілгенін айтып жатыр.

Ал, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды үрейленбеуге, сабыр сақтауға шақырады.

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 сенім телефондары ашылды.

 

Алматы Жер сілкінісі Кептеліс

Тақырыпқа жаңалықтар