Placeholder
Фото: almaty.tv
Қазақстан жаңалықтары13 ақпан 2024, 16:34

«Ит қапты, қолым сынды». Жүрсін Ерман алтыншы мүшелге толды

Ақын, айтыстың ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман 73 жасқа толды. Ақын әр мүшелге кірген кездегі оқиғасын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақтың мүшел дейтін ырымы бар. 13 жастағы оқыс оқиға есімде жоқ. 25 жасқа келгенімде аттың үстінде отырғанымда қойшының құтырған иті қапты. 37 жасымда қолымды сындырып алдым, 49 мүшелімде шешемнен айырылдым. 61 жасымда ауру айналдыра бастады, жүрек, бауыр сыр берді дегендей. Бүгін алтыншы мүшелге ендім. Осыдан аман-есен өтсем, тағы да жүре тұрам ба деп ойлаймын.

Ақын сырқатына шипа сұраған көпшіліктің дұғасы қабыл болғанын айтты.

Туған күн - отбасылық мереке. Екі-үш жылдан бері сырқаттанып арбаға таңылдым. Шүкіршілік деймін, арбаны тастап таяққа сүйеніп жүретін болдым. Жан-жақтағы ағайын-туыс, достарым құттықтап келіп жатыр», деді Жүрсін Ерман.

 

Жүрсін Ерман алтыншы мүшел

Тақырыпқа жаңалықтар