Placeholder
Фото: Наталья Зинченко / Kazinform
Қазақстан жаңалықтары10 мамыр 2024, 1:10

Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті

Сүңгуірлер суға батқан азаматты кешеден бері іздеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол кеме палубасынан суға құлап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media

Қайғылы оқиға туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«8 мамыр күні сағат 23.25-те Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына 102 операторынан Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түсті. Оқиға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында болған. 9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр. Ертең таң атысымен сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады»,- деп хабарлады департаменттен.

Кеме «Қазақстан су жолдары» РМКК-ға тиесілі болған. Болжам бойынша, кеме капитаны палуба үстінде тұрғанда өзенге құлап, батып кеткен.

Ертіс өзені кеме капитаны өлім

Тақырыпқа жаңалықтар