Placeholder
Фото: gov.kz
Қазақстан жаңалықтары1 ақпан 2024, 9:00

Еңбек министрлігі сұранысқа ие мамандық иелерін атады

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов Электро еңбек биржасын таныстыруға арналған кездесуде нарықта тапшы мамандық иелерін атады, - деп хабарлайды Arbat.media.

, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сауда, ритейл сияқты спецификалық салалар бар. Бұл секторларда мамандар ағыны жоғары. Сұранысқа ие мамандық дегенде жергілікті ерекшеліктер де бар. Алматы мен Астанада қызмет көрсету саласына маман тапшы деген сияқты. Өнеркәсібі дамыған қалаларда өндіріс секторының мамандары сұранысқа көбірек ие. Бізде әдетте медицина, білім саласының қызметкерлеріне сұраныс жоғары. Сондай-ақ, біз орта мерзімге болжамдар жасаймыз. Яғни, қандай секторлар дамып келе жатқанын, қандай технологиялар алға озғанын қарап отырамыз. Қазір IT-мамандарға сұраныс үлкен. Сондай-ақ, бағдарлама әзірлеушілер тапшы», - деген орталық басшысы жыл сайын «Еңбек нарығына шолу» жарияланатынын еске салды.

Айтуынша, болашақ студент немесе оның ата-анасы сол шолуға қарап мамандық таңдауына болады.

«Бұрын сауда саласында оффлайн сатушылар тапшы болса, қазір логистикаға жауапты мамандар, кері байланыс мамандары, курьерлер сұранысқа ие», - деді Дәулет Арғандықов.

Еңбек министрлігі сұранысқа ие мамандық мамандықтар

Тақырыпқа жаңалықтар