Placeholder
Қазақстан жаңалықтары4 қазан 2023, 9:30

Елімізге биылғы миллионыншы турист келді

Миллионыншы турист қыркүйектің соңғы күнінде eQonaq ақпараттық жүйесінде тіркелді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл ақпаратты Kazakh Tourism баспасөз қызметі таратты. 

Қытайдан келген турист Алматыға 4 күнге келіп, қонақ үйде аялдады. 

Жалпы Қытай елінен келген қонақтар барлық шетелдік қонақтар арасында үшінші орында.

Жыл басынан бері eQonaq-та Қытайдан 70 мыңнан астам турист тіркелді.

Бірінші және екінші орында Ресей мен Өзбекстаннан келген туристер орналасқан.

Үздік 10 елге Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Германия, Моңғолия және АҚШ туристері кіреді.

Шетелдік қонақтардың көпшілігі Алматыға – 343 мың турист және Астанаға – 174 мың турист келді.

ТОП-5 бағытқа Алматы облысы кіреді, оған 62 мың турист келді, одан бөлек Атырау облысына – 58 мың турист және Маңғыстау облысына – 52 мың турист келген.

 

Қазақстан турист Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар