Елімізде парсы тілі мен ирантану курсы ашылды
Фото: parstoday.ir
Қазақстан жаңалықтары20 қараша 2023, 9:12

Елімізде парсы тілі мен ирантану курсы ашылды

Астанада парсы тілін үйрету және ирантану курсының жаңа кезеңі басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  «Parstoday» ақпарат агенттігі жариялады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы Иран елшісі Әли Акбар Джоукар парсы тілі курсының ашылу рәсімінде парсы тілінің ерекшеліктерін санамалады.

Оның әлемдегі таралым аясы және оның ғылым, әдебиет, мәдениет және сопылық салаларындағы маңыздылығын атап өтіп, қандай мақсат болса да, парсы тілін үйренуді лайықты таңдау деп атады.

Әли Акбар Джоукар әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әлидің (ғ.) тіл үйрену туралы сөздеріне тоқталған.

Айта кетейік, 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ИИР осы елдің тәуелсіздігін ресми түрде танып, осы елдің астанасында өз елшілігін ашқан алғашқы елдердің бірі болды. Екі халықтың діни, мәдени және тарихи тамырын ескере отырып, Иран мен Қазақстанның 30 жылдық қарым-қатынасы тепе-теңдікте қарқындап дамып жатыр.

Сонымен қатар осы аптада ирандық басылымда Тараз қаласының құрметті азаматы, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аяғымен сурет салатын, тігін және кесте тігетін Анар Бексұлтанның «Ирандағы он күнім» атты шағын мақаласы жарық көрді. 

парсы тілі ирантану курсы Қазақстан

Көп оқылғандар:

Кеше, 14:00 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:38 Қазақстан жаңалықтары
5 желтоқсан 2023 Қазақстан жаңалықтары
5 желтоқсан 2023 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар