Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары22 ақпан 2024, 12:55

Елімізде КВИ-ге қарсы жаппай екпе салу міндетті емес

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирустың таралуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазір коронавирус жыл бойы тіркеліп жатыр. Былтыр қыркүйек айында індетті жұқтыру деңгейі өскен еді. Сонымен қатар биыл қаңтар айында өсім байқалды. Дегенмен өткен жылдармен салыстырғанда коронавирустың таралуы азайған», - деді А.Есмағамбетова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы (ДДСҰ) бойынша қазір жаппай халыққа COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдыруға немесе ревакцинация жасау қажет емес. Тек халықтың осал топтарына, яғни егде жастағы адамдарға екпе салуға болады. Бірақ мұны да эпидемиологиялық жағдайға қарай әр мемлекет өзі шешеді.

«Алайда эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, бізде OtarBioPharm бір айға қажет вакцинанының дозасын шығарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына қарағанда, елімізде жаппай вакцина салдыру міндетті емес», - деді вице-министр.

КВИ вакцина екпе салу міндетті емес

Тақырыпқа жаңалықтар