Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары22 ақпан 2024, 12:52

Елімізде балықты сақтандыру тетігі енгізілуі мүмкін

«Аквашаруашылық туралы» заң жобасы аясында балықты да сақтандыру тетігі енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте аталған заң жобасын талқылау аясында депутат Сергей Пономарев айтты деп Kazinform агенттігі жазады. 

«Бүгінде ел тұрғындары жылына 3 келі 700 грамм ғана балық тұтынады. Бұл өте аз. Бізде балық тек мерекелік дастарханға ғана қойылады. Оның өзі негізінен қызыл балық, ақсерке, яғни, сырттан келген өнім. Бізде Балқаш, Зайсан, Каспий сынды су қоймалары мол. Ал балық қағазда ғана өсіріледі. Сондықтан да Мәжіліске «Авкашаруашылық туралы» заң жобасы енгізіліп отыр және де балық өсіру тиімді болу үшін, тұрғындардың дастарханында балық үзілмес үшін бәрін жасауға тырысамыз. Айталық, Өзбекстан, тіпті Қырғызстан бізден бірнеше есе көп балық өсіреді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, елімізде балық өсіруімен айналысатын шаруашылықтар саны артып келеді. Өткен жылы олардың саны 500-ге жетті.

«Қазіргі уақытта балықты да сақтандыру қажет. Ал бізде бұл жайт мүлдем айтылмаған. Сиырды, жылқыны сақтандырамыз, бірақ балықты емес. Алайда бүкіл әлемде оны сақтандырады екен. Бізде бекіре, ақсерке балықтарына қажетті азық та өндірілмейді. Тек сазанға қажетті азық шығарылады. Бұл да үлкен пробема», - деді Сергей Пономарев.

Депутат балық өсіру тиімді екендігін айтады.

«Мәселен, бір сазан 800 мың уылдырық шашады. Яғни, 800 мың шабақ алуға мүмкіндік бар. Бірақ, оны балықты тоғанда не көлшікте ғана өсіріп алуға болады. Жабай табиғатты бұл уылдырықтың 5 пайызынан ғана шабақ өсіп шығады», - деді ол.

Сергей Пономарев Аквашаруашылық туралы Балық балықты сақтандыру

Тақырыпқа жаңалықтар