Placeholder
Фото: polisia.kz
Қазақстан жаңалықтары9 ақпан 2024, 11:23

«Дикий Арманның» достары. Қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шеңберінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін, оның ішінде қаңтар оқиғасына қатысушыларды ұстау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталды. 7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады. Олар Жұмагелдиев ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшелері болып шықты», деп жазылған ақпаратта.

Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деген күдікке ілінген. Ол Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр.

«Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі Алматы әуежайында шекаралас елдің аумағынан келгеннен кейін ұсталды. Онда ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

ІІМ Дикий Арман Қылмыстық топ

Тақырыпқа жаңалықтар