Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары16 сәуір 2024, 11:34

БҰҰ Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заңына қолдау білдірді

БҰҰ Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын заң қабылдағанын жоғары бағалайды. «Бұл гендерлік зорлық-зомбылықты жою жолындағы алға жасалған қадам», - дейді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Михаэла Фриберг-Стори, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар орталығы жария етті деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды. Құжат «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.

Заң бойынша енді ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл, орташа және ауыр зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер зорлық-зомбылық пен қорлау кәмелетке толмағандарға бағытталған болса, онда тараптардың татуласу мүмкіндігі жоққа шығарылады. Заңның қабылдануына бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің әйелін өлтірді деген болжамға қоғамның реакциясы себеп болған.

Микаэла Фриберг-Сторидің айтуынша, жаңа заң гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрін жоюға бағытталған маңызды қадамды білдіреді. Бұл заңнамалық шешім Қазақстанның адам құқықтарын, әсіресе әйелдерді, балаларды және әлеуметтік осал топтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді.

       Фото: БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы Қазақстан мұндай әрекетке жол берілмейтінін және кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.Бұл маңызды қадам гендерлік теңдікті ілгерілетіп қана қоймайды. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіру үшін сот төрелігі мен қолдау қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өзінің өкілі арқылы елді осы заңды тиімді жүзеге асыру және орындауға, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабардарлықты арттыруға, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлерін оқытуға және зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсету тетіктерін құруға шақырады.

«Бұл кешенді тәсіл барлық адамдар өз үйінде қорқынышсыз және зорлық-зомбылықсыз өмір сүре алатын қоғам құру үшін қажет», - деді Фриберг-Стори.

Оның айтуынша, БҰҰ гендерлік зорлық-зомбылықты жою және теңдік және қадір-қасиет мәдениетін ілгерілету бойынша Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын.

Михаэла Фриберг-Стори БҰҰ Қазақстанды қолдау зорлық-зомбылық туралы заң

Тақырыпқа жаңалықтар