Placeholder
Фото: Кадрдан скриншот
Қазақстан жаңалықтары23 сәуір 2024, 16:17

«Бұл сандыраққа сенбеңіздер!»: Кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаев сотына қатысты пікір білдіріп, Instagram парақшасында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Баталов соңына дейін Бишімбаевқа қатысты сот ісіне пікір білдіргісі келмегенін, бірақ өзінің атына кір келтіріп, миға қонымсыз әңгіме айтылып, Бишімбаев жала жауып жатқандықтан үнсіз қала алмағанын айтты және Салтанаттың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

“Менің атыма кір келтіретін лас әңгіме мені мәлімдеме жасауға мәжбүрледі. Сұмдық қылмыс жасады деп айыпталып отырған күдіктінің маған қатысты айтқан айыптауы – миға қонымсыз өтірік әңгіме. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеңіздер. БАҚ өкілдері мен блогерлерді сенімсіз ақпаратты таратпауға шақырамын. Осындай үлкен қайғыға душар болғанына қарамастан, Салтанаттың туыстары қызының ар-намысын қорғауға мәжбүр болып отырғаны өте өкінішті. Сұмдық жағдай. Нүкеновтер отбасына шын жүрегіммен көңіл айтамын”, – деп, Райымбек Баталов мәлімдеме жасап тоқетерін айтты. 

 

Бишімбаев соты Бишімбаев ісі Райымбек Баталов Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар