Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2024, 15:18

БҚО: Су басқан жерлерде ішек аурулары тіркелген жоқ

Батыс Қазақстан облысында жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. БҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев 30 наурыздан бастап күні бүгінге дейін су тасқыны орын алған Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында ішек ауруларымен шағымданғандар тіркелген жоқ деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Су басқан жерлерден эвакуацияланған халықты тамақтандыруға және қолайлы жағдай туғызуға ерекше көңіл бөлінуде. Уақытша орналастыру пункттерінде аумақтық басқармалар мамандарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Пункттерді тазалауды уақтылы жүргізу, дезинфекциялау және желдету бақылауда», - деді М. Арыспаев.

«Батыс су арнасы» ЖШС директоры Әнуар Аркенов соңғы күндері әлеуметтік желілерде салқын судың ластанғаны туралы таралған ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта су тазарту құрылғылары кешені қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Салқын су тарату желілеріне берілетін судың сапасы тұрақты бақылауда. Салқын суды тазалап, залалсыздандыруға қажетті химиялық заттардың үш айлық қоры бар», - деді Ә. Аркенов.

БҚО эпидемиологиялық ахуал Тасқын тұрақты

Тақырыпқа жаңалықтар