Placeholder
Фото: pixabay.com
Қазақстан жаңалықтары7 ақпан 2024, 11:34

Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде орта бизнеске басымдық берілуі керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бір реттік төлем жасауды енгізу ісі де аяқсыз қалды. Бұл норманың енгізілгеніне бір жылдан асты. Уәкілетті органдар жұмыстың табысты атқарылғаны туралы есеп берді. Ал бизнес өкілдері бұрынғысынша салық пен жарнаны бюджеттік емес қорларға жеке-жеке төлеуді жалғастырып жатыр. Бір жағынан, орта бизнеске нақты қолдау көрсету мәселесіне айрықша мән беру керек. Мысалы, көп жағдайда бизнесті қолдан ұсақтап жатады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, кәсіпкерлерді тиісті санатқа бөлу әдістемесі дұрыс жолға қойылмаған.

«Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде орта бизнеске басымдық берілуі керек. Осы мәселелерді міндетті түрде шешу қажет. Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек, соның ішінде реттеу қағидатын қолдану арқылы ықпал етуді доғарған жөн. Тоқетерін айтсақ, осы салаға сапалы өзгеріс жасау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік қысым бизнес

Тақырыпқа жаңалықтар