Placeholder
Фото: gov.kz
Қазақстан жаңалықтары4 наурыз 2024, 13:00

Биылғы жыл жылқыға жайсыз тиді

Биылғы жыл жылқыға жайсыз тиді. Алдымен әлеу­мет­тік желі арқылы жеткен хабарға сенсек, Ұлытау облы­сындағы әсіресе Жаңаарқа ауданы жағының шаруа қожалықтары құрық ұстап қалатын түрі бар. Ресми мәлімет бойынша, автомобиль жолдарының бойынан 67 бас жылқының өлексесі табылған. Бірақ бұл жыл­қы­лардың да кейбірінің нақты иесін табу мүмкін емес, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

– Өйткені шаруалардың кө­бі жылқыға чип салудан қаш­қақтайды. Біріншіден, әр чип­тің бағасы – 1 мың теңге тұрады. Жылқысы көптеу шаруа қал­та­сынан әжептәуір қаражат шы­ғын­дауы мүмкін. Екіншіден, жылқы малы негізінен сыртта қараусыз жүретіндіктен автокөлік, пойыз жолдарына шығып кететін болса, бұған иесі жауапты болғандықтан қомақты айыппұл төлейді. Сондықтан, шаруалар чип салдыруға құлықты емес.

Ал чип салынбаған жылқы­ның өзінікі екенін шаруа дәлел­дей алмайды. Сол себепті мем­лекет тарапынан көмек те ала алмайды. Сондықтан, олар «осын­шама жылқым өліп қал­ды» деп ауызша айтқанмен, билік орындарына жазбаша өті­ніш түсірмеген болуы керек. Ал біз ресми түрде жария­лап отырған 67 жылқы жол бойы­нан жергілікті әкімдіктер арқылы жинастырылған өлекселер екенін қайталап айтқым келеді, – дейді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Д.Рыспеков.

Облыс бойынша барлығы 2 600 шаруа қожалығы бар. Өткен жылы осыншама шаруа­шылықтың 1 100-не жемшөп сатып алуға облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге несие беріліпті. Таяудағы күндері резервте қалған қаражаттан жемшөп қажеттілігі үшін тағы да субсидия берілетін болады.

Д.Рыспеков шаруаларды қолдау мақсатында олардың сақтандыру компанияларына төлейтін жарнапұлдарының 50 пайызын төлеу мақсатын­да былтыр облыстық бюджет­тен 56 млн теңге қарас­ты­рыл­ғанын, облыстың бірде-бір фермері тарапынан малдарын сақтан­ды­руға байланысты өтініш түспегенін айтады.

Әрине, қаржы қарастырған дұрыс. Бірақ соны пайдалануға шаруалардың құлықсыздық танытуы қалай? Бәлкім, түсіндіру жұмыстары дұрыс деңгейде жүргізілмеген болар? Чип салу мәселесінде де жергілікті билік орындарының талапшылдығы байқалмайтын секілді. Әрбір шаруадан малының есебін алу, чип салынған-салынбағанын қада­ға­лау кімнің міндеті? Осы ретте шаруаны кінәлай бергеннен гөрі билік басындағылардың да «біз өзіміз жеткілікті жұмыс жүргізіп жатырмыз ба?» деп ойланып қойғандары абзал тәрізді. Бәлкім билік заңға сәйкес талап қоя білсе, шаруаларға жан-жақты түсін­діру жұмыстарын жүр­гізсе, олар қазіргідей шара­сыз­дыққа ұрынбас па еді?

Ресми орындардың сөзі мен ісінің қабыспай жататын тұстары аз кездеспейді. Мысалы, Ұлытау облыстық ауылшаруашылығы басқар­ма­сының басшысы Қ.Мұ­таев­тың «Қазіргі таңда вете­ри­нариялық дәрігерлердің, жер­гілікті атқарушы орган­дар­дың, мемлекеттік ветерина­рия­лық-санитариялық инс­пек­­тор­­лардың қатысуымен өлген жануарларды жинау және олар­дың өлекселерін жою бойынша жұмыстар атқа­­ры­луда. Аталған жағдай вете­ри­­на­риялық бақылау және қада­­­ғалау комитетінің Ұлытау облы­­сының және аудан­дық инс­­пек­цияларының бақы­ла­уында. Жаңаарқа ауданында 59 ауыл шаруашылығы және басқа да техникалар, 100 шақ­ты адам жұмылдырылды» де­ген сөзіне фермер Бекзат Дай­ра­­­бай­ұлы күмәнмен қарай­ды.

– Бәлкім, Жаңаарқа жа­ғында сондай көмек көрсе­тіліп жат­қан да шығар, ал облыс орта­лығының іргесіндегі Қорғанбай ауы­лының шаруалары ресми орын­дардың көмегін көріп жатқан жоқ. Құт­қа­ру жұмыстарын өз күші­мізбен атқарып жатырмыз, – дейді ол.

Жылқыға келген жұт тек Жаңаарқа ауданында ғана болып жатпағанын ескерсек, Б.Дайрабайұлы Ұлытау ауданы, Жезқазған қаласы әкімдіктеріне қарасты фермерлерге де көмек көрсетілуі керек деп есептейді.

Биылғы жағдай шаруалар арасында жем-шөп да­йындау мәселесіне ден қоюға баса көңіл бөлу керектігін байқатып отыр. Алты ай қыс бойы жылқыны қорада қамап ұстау мүмкін емес екені рас. Бірақ алты ай бойы ақтүтек боран соғып, аяз қарып тұрмайтыны тағы белгілі. Табиғат тықсырып жіберген кезде ғана жылқыны қолға ұстауға болады ғой. Сондықтан, шөп дайындап қоюдың артығы жоқ. Қыста пайдаланылмай қалған шөпті кейін басқа да қоспалар қосу арқылы жемге айналдырып жіберуге болады.

Қазіргі жағдай шарасыз­дық шең­­бері іспетті. Шаруа­лар тиісті талап­­тарды сақ­та­ма­­ғандықтан, яғни чип бол­­ма­ғандықтан өз ма­лын өзім­дікі деп дәлелдей ал­­майды. Билік өлген малдың иесі анықталмағандықтан нақты са­нын білмегендіктен, төтенше жағ­­дай жариялай алмайтыны бел­­гілі. Әр нәрсе сабақ алуымен құн­­ды. Жаз шығып, жер аяғы кеңі­­ген кезде шаруа да, билік те осы­­ның бәрін ұмытып кетпесе бол­ғаны.

 

биылғы қыс жылқылар жем-шөп фермерлер

Тақырыпқа жаңалықтар