
Бишімбаевтің ісі.С.Нүкенованың сот-медициналық сараптама нәтижесі жарияланады
Астанадағы мейрамханада көз жұмған Салтанат Нүкеноваға тағайындалған сот-медициналық сараптаманың нәтижесі көпшілікке жарияланады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов айтты.
«Күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Бұл іс бойынша екінші күдікті – Астанадағы «Гастро-орталық» директоры. Олар бір-біріне туыс адамдар», – деді Е. Өтегенов.
Қала прокуроры қайғылы оқиға болған орталықта бейнекамера жазбалары қалпына келтірілгенін растады.
«Салтанат Нүкенованың нақты не себептен қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар бір ай шамасында іске асырылады. Содан кейін сараптама нәтижесін жариялаймыз», – деді Ерлан Өтегенов.