Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары3 сәуір 2024, 23:20

Бишімбаев ісі: сотта мейрамханадағы бейнежазбалар көрсетілді

Сотта экс-министр Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы мейрамхананың фойесінде соққыға жыққан видеосы көрсетілді. Кадрлардан олардың лифттен қалай шыққаны, Бишімбаевтың Нүкенованы шашынан ұстап сүйрегені, қолмен ұрып, аяқпен тепкенін көруге болады. Кейін айыпталушы жерге сұлап түскен Нүкенованы тұрғызып, шашынан ұстап VIP кабинаға қайта кіргізген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Кадрдан Нүкенованың қарсылық көрсетуге шамасы жоқ екенін аңғаруға болады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесі ертең жалғасады.

Бишімбаев ісі Мейрамхана бейнежазбалар соққылар

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар