Placeholder
Фото: Жоғарғы сот
Қазақстан жаңалықтары24 сәуір 2024, 5:16

Бишімбаев ісі: "Қуандықты құдағиыммен шатастырып алдым"

Биішімбаевқа қатысты сот процесінде айыпталушының ұялы телефоны тексеріліп, куәгер Гүлнар Насырбековадан жауап алынды. Гүлнар Насырбекованың сотқа куәгер болып келуі бекер емес. Бишімбаевтың ұялы телефонын тексеру барысында оның Салтанаттың өлімі тіркелген күні айыпталушымен хат алмасқаны анықталды. Белгілі болғандай, Насырбекова Бишімбаевпен спорт залында танысқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

9 қарашада Бишімбаев оны консультация алу мақсатында «Бау» мейрамханасына шақырған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Гүлнар құрбысы Әйгеріммен бірге мейрамханаға барған. Үшеуі бір жарым сағат сөйлескен.

«Не жайлы сөйлестіңіздер?» деген сұраққа Насырбекова «гольф, спорт туралы әңгімелестік» деп қысқа қайырды.

Телефондағы жазбалардың бірінде Насырбекова кездесуден кейін Бишімбаевқа «сенің үстіңнен раушан гүлінің иісі аңқып тұр» деп жазыпты.

Насырбекова бұған былай деді:

«Шынымды айтайын, маған Бишімбаевтан келген қоңырауды өткізіп алғаным жөнінде хабарлама келді. Ол менің ұялы телефонымда „Қуандық“ деп сақталған. Ал Алена деген құдағиым менің телефонымда „Құдағи“ деп жазылған. Біз „Баудан“ шыққаннан кейін бірден торт пен гүл алуға кірдік. Ол мейрамханаға жақын жерде, „Мәскеу“ қонақ үйінде орналасқан. Біз сол жерге кіріп, мен торт пен гүлді фотоға түсіріп, осы сөзді құдағиыма жазып жібергенмін. Бүгін ғана соны көргенде таңғалдым. Мен Бишімбаевқа емес, Алена құдағиыма жібердім деп ойладым», — дейді ол.

Прокурор сауалдар қойып, қазбалай бастап еді, судья қылмыстық іске қатысы болмаған соң тыйып тастады.

Бишімбаев ісі Гүлнар Насырбекова Жауап ұялы телефон

Тақырыпқа жаңалықтар