Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары29 ақпан 2024, 9:30

Балаларына алимент төлемеген 30 борышкер қамалды

Атырауда балаларына алимент төлемей жүрген 47 борышкер анықталған. Оның ішінде 30 борышкерге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мемлекеттік сот орындаушылары 47 борышкерге Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 669-бабымен хаттама толтырған.

«Борышкерлерге қатысты іс құжаттары сотқа жолданды. Соттың шешімімен 17 борышкерге айыппұл салынды. Ал, 30 борышкерге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Әлеуметтік маңызы бар алименті бар борышкерлерге түсінік жұмысы жүргізілді. Борышкер алиментті өндіру туралы атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін аталған кодекстің 669-бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жуапкершілікке тартылады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау Алимент борышкерлер қамауға алынды

Тақырыпқа жаңалықтар