Placeholder
Фото: Polisia.kz
Қазақстан жаңалықтары25 қаңтар 2024, 11:23

Балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген

Шымкентте үш әйел балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген, - деп хабарлайды Arbat.media

Шымкенттіктерді алдаған Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды.

Еңбекші аудандық полиция басқармасына үш тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, көмекке жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген. Бұл қызметі үшін әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі - 12 миллион теңге. 

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда, әйел қамауда», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Шымкент алаяқ Балабақша пара берген

Тақырыпқа жаңалықтар