Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары18 қаңтар 2024, 9:00

Балабақшада балалар қатарласын жабыла ұрып тастаған

Атырау облысында балабақшадағы балалар қатарласын төсектен тұрғызып, ұрып тастаған. Таяқ жеген баланың ата-анасы полиция бөліміне шағым түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Оқиға Махамбет ауданының Бейбарыс ауылындағы балабақшада болған.

Бұл деректі облыстық полиция департаменті мен облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Қазір аталған дерек бойынша баланың ата-анасы Махамбет аудандық полиция бөліміне шағымданды. Құзырлы органдар тарапынан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тергеу басталған.

«Махамбет аудандық полиция бөлімі жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Таяқ жеген балаға сараптама тағайындалды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

 

Атырау облысы Балабақша Балалар Төбелес

Тақырыпқа жаңалықтар