Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары4 ақпан 2024, 12:00

Балабақша қызметкері баланы басынан ұрған

Атырауда жекеменшік балабақшаның қызметкері ерекше баланы басынан ұрған. Қазір бұл дерекке қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жергілікті белсенді Нұрлан Жунасов әлеуметтік желідегі парақшасында балабақша қызметкерінің баланы басынан ұрғаны түсірілген видеоны жүктеді.

Видеодағы теріс әрекет тұрғындардың ренішін тудырды. Тұрғындар түрлі пікірін қалдырды.Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға «Дара-инклю» жекеменшік балабақшасында болған.

«Қазір аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізуді қолға алды. Қалалық білім бөлімінің жанынан қызметтік тексеру болады. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға бөлім басшысының қатаң бақылауына алынды. Тексеру қорытындысымен заң шеңберінде тәртіптік шара қарастырылады», - деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.

Ал Атырау қалалық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда, аталған дерекке қатысты тексеру-тергеу әрекеттері басталған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

 

Дара-инклю Атырау Балабақша баланы ұру

Тақырыпқа жаңалықтар